Депутат неге балалар балабақша мен мектепте тамақты тауысып жемейтінін айтты
![](https://mail.kz/images/027406c5a0a112d371a8b19786c11fdd-slider.jpg)
© Сурет: Zakon.kz
Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов ата-аналар балабақша мен мектептегі ас-ауқатқа жиі шағымданатынын айтты. Бұл мәселені ол депутаттық сауалында көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz .
"Жақында бізге хабарласқан бір елордалық балабақшаның ата-аналары балалар рационының көңіл көншітпейтініне шағымданды. Нәтижесінде балабақша жеткізушілерге 5 миллион теңгеге жуық қарыз екені белгілі болды. Осы мәселе бойынша біз Астана қаласы білім басқармасының басшысына жүгіндік. Оның айтуынша, қазір мұндай фактілер бойынша үш қылмыстық іс қозғалған". Асхат Рахымжанов
"Бірақ алаңдатарлығы, мұндай жағдайлар осы салада тыйылмай отырған сыбайлас жемқорлықпен байланысты. Мектептерде балалар тамақтың сапасына шағымданады. Көбісі тамақ ішпейді. Кейде мектеп басшылығы ата-аналар комитетіне хабарласып, мектеп асханаларын тексеруін сұрайды. Ата-аналар келерде бар дәмдісін ортаға қойып, алдын ала дайындалады. Сосын баяғы жартас сол жартас күйінде қалады. Жағдай жылдан жылға нашарлап барады, мектеп немесе балабақша басшылығы мен жеткізушілер арасында өзара сыбайластық дамып келеді. Біз уәкілетті білім беру органдарының да бұл жүйеде екенін жоққа шығармаймыз". Асхат Рахымжанов
Депутат қоғамдық тамақтандыру ұйымдарын тексеру үшін қоғам, ҮЕҰ, саяси партиялардың қатысуымен тұрақты негізде республикалық комиссия құруды талап етті..Сондай-ақ комиссияға білім беру және мектепке дейінгі мекемелердің басшыларын ескертпестен мектептер мен балабақшаларды тексеруге рұқсат беру керек екенін баса айтты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:56, 26 шілде 2024
Павлодарда автобус аялдамасы маңында бір бойжеткенді көлік қағып кетті
-
22:40, 26 шілде 2024
2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты ресми түрде басталды
-
22:25, 26 шілде 2024
Бай әзербайжанның үйінде қонақта болған қазақ блогері өз таңданысын жасыра алмады
-
22:25, 26 шілде 2024
Бай әзербайжанның үйінде қонақта болған қазақ блогері таңданысын жасыра алмады
-
21:50, 26 шілде 2024
«Аптап ыстық, қатты жел». Сенбіде еліміздің 17 облысында дауылды ескерту жарияланды