Депутат бюджет ғимараттарына күн панельдерін орнатуды ұсынды
© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Мәжіліс депутаты Ерлан Смағұлов 2026 жылғы 4 ақпанда елдегі энергия тұтыну көлемінің артып келе жатқанын айтып, бюджетке түсетін жүктемені азайту мақсатында мектептер, ауруханалар және өзге де әлеуметтік нысандардың ғимараттарына күн панельдерін орнатуды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Депутаттың айтуынша, Қазақстанда энергия ресурстарын түпкілікті тұтынудың жыл сайын тұрақты өсіп отырғаны байқалады. Атап айтқанда, 2014–2024 жылдар аралығында бұл көрсеткіш 11,9%-ға артқан.
"Энергия тұтынудың едәуір бөлігі ғимараттар секторына, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар нысандарға – білім беру, денсаулық сақтау және мектепке дейінгі тәрбие мекемелеріне тиесілі. Бұл ғимараттар қорының ұлғаюы, олардың физикалық тозуы және энергияны үнемдеуге бағытталған жаңғыртуға қаржының шектеулі болуының салдары. Қазіргі таңда бюджет саласындағы әрбір үшінші ғимарат энергия тұтыну нормативтерінен асып отыр. Сонымен қатар бюджет ұйымдары электр энергиясын ең жоғары тарифтер бойынша төлейді, ол бір киловатт-сағат үшін 82,7 теңгеге дейін жетеді", – деді Ерлан Смағұлов.
Ол бюджетке түсетін салмақты азайту және энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында баламалы энергия көздерінен электр энергиясын өндіру мен жеткізудің дербес сегментін дамыту арқылы бюджет ұйымдарының ғимараттарын кезең-кезеңімен шатырлық күн панельдерімен жабдықтау орынды екенін атап өтті.
"Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамытуға үлкен әлеует бар. Бұл, ең алдымен, саны шамамен 13 мыңға жуық бюджет ұйымының ғимараттарына ЖЭК нысандарын орналастыру есебінен мүмкін. Өз кезегінде, жеке компаниялар аталған нысандарға қолданыстағы тарифтерден екі есе төмен бағамен күн панельдерін орнатуға дайын екенін білдіруде. Бұл электр энергиясына жұмсалатын бюджет шығындарын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Мұндай тәсілдерді іске асыру 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Президент Жолдауында көзделген 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 15%-ға дейін арттыру мақсатына сай келеді. Алайда қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар нысандарда электр энергиясын төлеудің қолданыстағы тәртібі кедергі болып отыр. Атап айтқанда, күн панельдері арқылы өндірілген электр энергиясын тікелей сатып алуға мүмкіндік бермейді, себебі сатып алу мемлекеттік сатып алу рәсімдері арқылы жалғыз жеткізушіден жүзеге асырылады", – деді депутат.
Осыған байланысты Ерлан Смағұлов бюджет ұйымдары мен инвесторлар арасында күн панельдері арқылы өндірілген электр энергиясын сатып алу жөнінде тікелей шарттар жасасуға құқықтық жағдай қалыптастыруды, сондай-ақ инвестицияны қайтару және электр энергиясына кететін шығындарды азайту үшін ЭСКО-модельді қолдана отырып, мұндай ұйымдарды нетто-тұтынушы ретінде тану мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:52, 4 ақпан 2026
Үйқамақта ұстау: ережелерге өзгерістер енгізілді
-
16:45, 4 ақпан 2026
Тоқаев Пәкістан премьер-министрін Қазақстанға шақырды
-
16:45, 4 ақпан 2026
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен келіссөз жүргізді
-
16:39, 4 ақпан 2026
Қазақстанда еңбек құқықтарын қорғау және еңбек қауіпсіздігі талаптары күшейтіледі
-
16:28, 4 ақпан 2026
Қазақстандықтар балаларын тегін үйірмелерге «жалған тіркеп қойғанын» айтып шағымданды





