Қазақстандықтар балаларын тегін үйірмелерге «жалған тіркеп қойғанын» айтып шағымданды
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстандықтар eGov mobile мобильді қосымшасындағы деректерді қызу талқылап жатыр. Ондағы мәліметтерге сәйкес, олардың балалары тегін үйірмелерге қатысып жүрген болып көрсетілген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, 2026 жылғы 3 ақпанда бір қазақстандық Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында мобильді қосымша арқылы өзінің баласы фортепиано үйірмесіне "жазылғанын" білгенін жазды. Ол өзге ата-аналардан да балаларының қандай үйірмелерге "қатысып жүргенін" сұрады.
Пікірлерге қарағанда, мұндай жағдай басқа да қазақстандықтардың басынан өткен. Кейбір оқушылар спорттық секцияларға, енді біреулері театр үйірмелеріне барып жүргені тіркелген.
Zakon.kz тілшісі бұл жағдайға байланысты "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның баспасөз қызметінен түсініктеме сұрады.
Олардың мәлімдеуінше, eGov mobile қосымшасында білім беру туралы мәлімет алуға арналған Bilim сервисі қолжетімді, ал оның иесі әрі әкімшісі – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі.
"eGov mobile қосымшасы мемлекеттік цифрлық қызметтердің витринасы ретінде жұмыс істейді және уәкілетті мемлекеттік органдар ұсынатын бастапқы деректерді жинау, өзгерту немесе сақтау функциясын атқармайды", – деп түсіндірді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ редакция Астана қаласының Білім басқармасына да нақтылау сұрағын жолдады.
Ведомствоның мәліметінше, бірқатар жағдайда мектеп әкімшіліктері Ұлттық білім беру деректер базасындағы (ҰБДБ) ақпаратты уақтылы жаңартпағандықтан, жүйеде оқушылар бұрын қатысқан үйірмелер мен секциялар туралы деректер сақталып қалған. Бұл сәйкессіздіктердің туындауына себеп болған.
Қазіргі уақытта, басқарманың мәліметінше, барлық білім беру ұйымдарына тиісті ескертулер жіберілген.
"Ұлттық білім беру деректер базасындағы мәліметтерді өзектендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. eGov порталындағы деректердің қате көрсетілуі ел бойынша тіркеліп отыр", – деп мәлімдеді Астана қаласының Білім басқармасының баспасөз қызметі.
Бұған дейін Қазақстанда қанша ауылдың ішімдіктен толықтай бас тартқандығын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:11, 4 ақпан 2026
Қанат Бозымбаев өңірлердің су тасқыны қаупі жоғары кезеңге дайындық барысын тексерді
-
17:58, 4 ақпан 2026
Қазақстан мен Пәкістан қандай маңызды құжаттарға қол қойды
-
17:52, 4 ақпан 2026
Алматыда Қайрат Сатыбалдыұлынан тәркіленген бизнес орталық саудаға қойылды
-
17:29, 4 ақпан 2026
Таразда мұз жарылып, суға түсіп кеткен баланы құтқарған азамат марапатталды
-
17:17, 4 ақпан 2026
Таиландтқа саяхаттауды жоспарлап отырған ел азаматтарына ескерту жасалды





