ДДСҰ жүздеген адам көз жұмған жаңа ауру түрінің жылдам тарап жатқанын айтып дабыл қағуда
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылдың басынан бері әлемде чихунгунья безгегіне 445 мыңнан астам адам шалдыққан. Олардың ішінде 155 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мәлімдеді. Ұйым аурудың әлем бойынша таралу қаупі жоғары екенін атап өтті.
"2025 жылы бірқатар елде чихунгунья безгегінің өршуі тіркелді, соның ішінде соңғы жылдары ауру көп таралмаған аймақтарда да. 1 қаңтар мен 30 қыркүйек аралығында әлемнің 40 елінде жалпы саны 445 271 болжамды және расталған жағдай, сондай-ақ 155 өлім тіркелді", – делінген ДСҰ ақпараттық бюллетенінде.
2025 жылдың басынан бері Америкада безгектің 100 329 расталған, 228 591 болжамды жағдай анықталып, 115 адам қайтыс болған. Ал, Еуропада 56 456 расталған жағдай анықталды, 40 адам қайтыс болды. Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында 3 420 расталған және 21 299 болжамды жағдай тіркелген.
Чихунгуньяның белгілері:
- қызба (лихорадка),
- буындардағы қатты ауырсыну,
- бұлшықет ауырсынуы,
- жүрек айну,
- шаршау,
- бөртпе,
- буындардың ісінуі.
Ауруды Aedes aegypti және Aedes albopictus түріндегі маса түрлері таратады. Бұл масалар сондай-ақ денге безгегі сияқты басқа да вирустарды жұқтыруы мүмкін.
Бұған дейін ғалымдардың парацетамолға қатысты Трамптың мәлімдемесін негізсіз деп санайтындығын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:05, 13 мамыр 2026
Көкшетаудағы адам өліміне әкелген жол апаты: көлік иесіне қандай жаза қаупі бар
-
14:57, 13 мамыр 2026
Бақбақты жұлғаны үшін 13 млн теңге айыппұл: сирек кездесетін өсімдікті кәдімгі бақбақтан қалай ажыратамыз
-
14:43, 13 мамыр 2026
ІІМ Қызылордадағы колледж студентінің өліміне қатысты пікір білдірді
-
14:34, 13 мамыр 2026
Қазақстандағы АЭС: су радиациялық ластанудан қалай қорғалады
-
14:21, 13 мамыр 2026
Қазақстандағы тұрғын үй нарығында бағаның өсуі күтілуі мүмкін – сарапшы пікірі





