«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды
© Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті. Комиссия жұмысына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Биыл сыйлыққа 300-ден астам үміткер ұсынылып, олардың 294-і комиссияда қаралды.
Аталмыш байқау жеңімпаздары "Ғылым" номинациясы бойынша 64, "Дизайн және бейнелеу өнері" – 19, "Спорт" – 27, "Театр және кино" – 41, "Эстрада" – 13, "Журналистика" – 16, "Халық шығармашылығы" – 41, "Қоғамдық қызмет" – 31, "Әдебиет" – 15, "Классикалық музыка" – 27 үміткердің арасынан таңдалды.
Комиссияның құрамында 37 мүше болды. Олардың қатарына депутаттар, саясаткерлер, қоғам белсенділері, мәдениет, өнер, медиа және спорт қайраткерлері енді.
Аида Балаева комиссия мүшелеріне атқарған қызметі үшін алғыс айтып, олардың әділ және оң шешім қабылдағанына сенім білдірді.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 25 қараша күні өтеді. "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарына диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы табысталады.
"Дарын" сыйлығы 1992 жылы талантты жастарды ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі мен спорттағы жетістіктері үшін мемлекеттік қолдау мақсатында құрылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:43, 17 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
-
11:16, 17 желтоқсан 2025
АҚШ жеті елдің азаматтарына елге кіруге толық тыйым салмақ
-
11:04, 17 желтоқсан 2025
Қазақстандық жекпе-жек шеберлері каратэден әлем чемпионатында еліміздің мерейін үстем етті
-
10:54, 17 желтоқсан 2025
Токио қаласы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарына қалай дайындалып жатыр – фото және видео
-
10:42, 17 желтоқсан 2025
Еуроодақ Грузияға қаржылай қолдау көрсетуді тоқтатады





