«Дара» Президенттік бастамалар қорының президенті тағайындалды

21:57, 27 қаңтар 2025

© Сурет: daraqory.kz

"Дарa" Президенттік бастамалар қорының Қамқоршылық кеңесінің шешімімен қор президенті қызметіне Мұхамедқали Тауан тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұхамедқали Тауан халықаралық ынтымақтастық және корпоративтік басқару саласында ауқымды бастамаларды жүзеге асыруда үлкен тәжірибеге ие.

Бұған дейін ол “ Астана” халықаралық қаржы орталығы, “Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы” АҚ және жеке құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.

Мұхамедқали Тауан Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің экономика бакалавры және Қазақстан-Британ техникалық университетінің MBA дәрежесіне ие.

Қазіргі уақытта "Дара" Президенттік бастамалар қоры адам капиталы және креативті индустрияларды дамыту, сондай-ақ Қазақстанның мәдени-тарихи мұрасын сақтау бағытында бірнеше маңызды жобаларды жүзеге асыруда. Олардың қатарында ұлттық тарихты насихаттау және мәдени бірегейлікті нығайтуға бағытталған Жошы ханның өміріне арналып түсіріліп жатқан тарихи сериал бар.

Бұған дейін Атырау облысында Сармат дәуіріне тиесілі құнды жәдігерлер табылғаны хабарланған. Сондай-ақ 25 қаңтарда Астанада Тарихшылардың ұлттық конгресінің форумы өткені мәлім.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!