Шымкентте оқушы қыз жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
© Сурет: ontustik tv
Арайлым Ермекбайдың жоғалғанына бір аптадан асты. "Алаш" базарының маңынан таксиге отырдым" деген оқушы қыз одан кейін мүлдем байланысқа шықпаған. Арада апта өтсе де, "көрдім-білдім" деген жан жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицейлерден күдерін үзген анасы халықтан көмек сұрап отыр. Шынар Әжібекова бұрын-соңды қызының оғаш қылығын байқамаған. Сабағын оқып, қосымша курсқа қатысып жүрген Арайлым арасында ауылынан Шымкентке барып, жұмыс істеген.
Ontustik телеарнасының хабарлауынша, 21 қаңтарда жұмыстан шыққан оқушы қыз сағат 20:30 шамасында анасына хабарласқан. Ол "Алаш" базарының маңындағы кафелердің біріне ұялы телефонымды қуаттауға кіріп, 1,5 сағаттан кейін де анасының қоңырауына да жауап берген. Ол кезде аялдамадан таксиге отырғанын айтқан. Одан кейін не хат жоқ, не хабар жоқ.
Арайлым – үйінің екінші перзенті. Атамекен жалпы орта мектебінде 11-сыныпта оқиды. Дәрігер болуды армандайды екен. "Біреуге ашылып сырын да айта бермейтін" дейді анасы. 17 жастағы қызын екі тәулік бойы өздері іздеп таппаған соң Абай аудандық полиция басқармасына хабарласқан. Одан бері арада бес күн өтіпті.
"Полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз жоғалған қыз туралы арыз бойынша іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Іздеу жұмыстарына Шымкент полиция департаментінің кешенді күштері мен құралдары жұмылдырылды, аудандық бөлімдердің жеке құрамы мен көрші өңірлердің полиция департаменттеріне бағдар жолданды". Шымкент полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бағлан Исатаева
Оқушы қыздың туыстары полициядан үміт үзіп, халықтан көмек сұрап отыр.
"Арайлым Ермекбайдың бойы шамамен 160 см, аққұба келген, шашы қоңыр-қара түсті, бетінде аздаған секпілі бар. Сол күні үстіне қара түсті спорттық киім мен жеңсіз күртесі болған. Ал аяғында ақ түсті спорттық үлгідегі аяқ киім, қолына кішкене ғана сөмке ұстапты".
Арайлым туралы қандай да бір ақпарат білетіндер мына нөмірлерге хабарласа алады:
- 102;
- 8 747 385 98 11.
Еске салайық, бұған дейін Шымкенте 20 жастағы жігіт жоғалып кеткен еді. Бәйдібек Ақмырзаұлынан 10 күннен бері хабар-ошар жоқ. Кейінгі рет қаладағы әуежайда досын шығарып салып, қоғамдық көлікке отырған.
Жас жігіт 2025 жылғы 14 қаңтарда Түркістан облысы Ордабасы ауданынан Шымкентке жүргізуші куәлігін алуға барған.
Кейін сағат 14:37 шамасында досын әуежайдан шығарып салған. 15:22-де "Қатын көпір" аялдамасы мыңында бір ұялы телефоны өшкен, ал 16:00 шамасында екінші телефоны өшіп қалған.
"Кейінгі рет әкесімен WhatsApp желісі арқылы ауылға қайтатынын айтып, байланысқа шыққан. Одан кейін ұшты-күйлі жоқ", - дейді жақындары.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:24, 30 қаңтар 2025
Ақтаудағы шенеуніктер картоп бағасын бақылауда ұстауда
-
10:17, 30 қаңтар 2025
Сирияда уақытша президент тағайындалды
-
10:04, 30 қаңтар 2025
Әлемнің ең бай адамдары бір күнде 27 миллиард долларға құрдымға кетті
-
09:50, 30 қаңтар 2025
Алматы метрополитенінде уақытша қоршаулар неге орнатылғаны белгілі болды
-
09:42, 30 қаңтар 2025
Егістікке химиялық заттарды қолдану 70% қысқарды