Даниал Ахметов мәдениет және өнер қызметкерлерін мерекесімен құттықтады

12:34, 21 мамыр 2022

© Сурет: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Театр, бейнелеу өнері, музыка және әдебиет - халықтың нағыз қазынасы, ол мәдени-тарихи өткенімізді бейнелеп, бүгінгі күнімізді байыта түседі. 21 мамырда Қазақстанның мәдениет және өнер өкілдері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді.

Даниал Ахметов мәртебелі мамандық иелері жыл сайын отандық мәдениет пен өнердің дамуына, рухани байлығымыздың еселене түсуіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқанын баса атап өтті.

Арнайы шара

Сурет: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Олардың арқасында өміріміз ән мен күйге бөленіп, әрлене түсуде. Шығыс Қазақстан – танымал ақын-жазушылардың, отандық әншілер мен әртістердің, театр майталмандарының мекені. Сондай-ақ, шығармашылық ұжымдар мен кітапханашылар, мұражай мен мәдениет үйлерінің қызметкерлері де өз істерінде үздік атанып келеді. Халықаралық, облыстық деңгейде өтіп жатқан ғылыми-мәдени жаңалықтарға ұйытқы болып, облыс мәртебесін асқақтатып отыр. Барша мәдениет пен өнер қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Сіздерге сарқылмайтын шабыт пен өнер жолында жаңа табыстар тілеймін! ШҚО әкімі Даниал Ахметов

Құттықтау

Сурет: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетсек, бүгін Тоқаев бірқатар азаматтарға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын берді. Олардың арасында ШҚО азаматтары да бар. Атап айтқанда: «Ертіс концерт» КМҚК симфониялық оркестрінің бас дирижері Галсанов Александр Валерьевич, «Ә.Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония» КМҚК әншісі Өтуленова Мапруза Қадешқызы, «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы» РМҚК директоры– Шаңбай Тұрдықұл Қасенұлы.

Құттықтау

Сурет: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!