Дағыстандық күш иесі тісімен 125 тонналық тепловозды 15 метрге сүйреді
© Сурет: Дағыстан спорт министрлігі
Дағыстандық алып күш иесі Омар Ханапиев Махачкала қаласында салмағы 125 тонна болатын тепловозды тісімен 15 метрге сүйреп, жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дағыстанның Спорт министрлігінің Telegram-арнасының хабарлауынша, Омар Ханапиев өзінің 68-ші әлемдік рекордын тіркеген.
"Гиннестің рекордтар кітабына енген аты аңызға айналған дағыстандық күш иесі тағы да өзінің мүмкіндіктерімен таңғалдырды. Бұл жолы ол салмағы 125 тонна болатын тепловозды тісімен 15 метр қашықтыққа сүйреді", – делінген ведомство хабарламасында.
Ханапиев осыдан 26 жыл бұрын орнатқан жеке рекордын жаңартты. 2000 жылы спортшы салмағы 120 тонна болатын тепловозды тісімен жеті метрге сүйреген еді.
Енді күш иесі жыл соңына дейін Махачкала портында салмағы 5 мың тонна болатын кемені тісімен сүйреуді мақсат етіп отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:00, 27 қараша 2026
Конференция лигасының төртінші турында «Қайрат» нешінші орынға жайғасты
-
11:46, 27 қараша 2026
Қазақстанда 20 градусқа дейін аяз болып, қалың қар жауады, боран соғады
-
11:40, 27 қараша 2026
Ұшақ көкте болғанда ер адам есікті ашпақ болған: жолаушылар мен бортсеріктер оны тоқтатты
-
11:34, 27 қараша 2026
13 жылға созылған қуаңшылық: ғалымдар майя өркениетінің күйреу себебін анықтады
-
11:23, 27 қараша 2026
27 қарашадағы валюта бағамы – Астана мен Алматының ақша айырбастау пункттеріндегі баға







