Ұшақ көкте болғанда ер адам есікті ашпақ болған: жолаушылар мен бортсеріктер оны тоқтатты

11:40, 27 қараша 2026
MKZ: 1580057

© Фото: unsplash

25 қараша күні таңертең Сан-Диегодан Чикагоға бағыт алған ұшақ жолаушылардың бірі әуе кемесі ұшып бара жатқанда есігін ашуға әрекет жасағаннан кейін Финикс қаласына шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

CBS News басылымының жазуынша, American Airlines әуе компаниясы 1494-рейстің жолаушылардың бірінің тәртіп бұзуы салдарынан Финикс Скай-Харбор халықаралық әуежайына бағытталғанын растады.

Ұшақ түнгі сағат 01:00 шамасында жолаушылардың бірі орнынан тұрып, әуе кемесінің алдыңғы бөлігіне барғаннан кейін қонған. Ол экипаждың орнына қайта отыру туралы бірнеше рет берген нұсқауын орындамай, апаттық шығу есігін ашуға әрекет жасаған.

Полицияның мәліметінше, экипаж мүшелері мен басқа жолаушылар ер адамды ұшақ Финикске аман-есен қонғанға дейін ұстап тұрған.

Жолаушылардың бірі түсірген видеодан ер адамның бортсеріктермен және оны еденге басып ұстаған басқа жолаушылармен арпалысқанын көруге болады.

Полицияның хабарлауынша, тәртіп бұзған жолаушы жеңіл жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Алайда ол қамауға алынбаған. Оқиғаға қатысты Федералдық тергеу бюросы (ФБР) тергеу жұмыстарын бастады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!