Covid-2019: Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймаққа қайта оралды

10:02, 1 наурыз 2021

© Сурет: 24.kz

Қазақстан астанасы коронавирустың таралуы деңгейі бойынша "сары" аймаққа қайта оралды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бір күн бұрын, 28 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы "қызыл" аймақта болған.

Денсаулық сақтау министрлігі 1 наурыздағы жағдай бойынша, Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.

Оған сәйкес жағдай келесі сипаттағыдай:

"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, БҚО, Қостанай, Павлодар облыстары.

Барлық басқа өңірлер "жасыл" аймақта болып саналады.

Айта кетсек, өткен тәулікте коронавирус инфекцияның 622 жаңа жағдайы тіркелді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!