Циклонның ықпалы: Қазақстанда ауа райы күрт суытады
© Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК мамандары 2025 жылғы 16, 17 және 18 желтоқсанға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, ел аумағында жауын-шашын түсіп, боран соғып, көктайғақ күтіледі.
"Кең ауқымды циклон Қазақстанның басым бөлігіне әсерін сақтайды. Осыған байланысты қар мен боран жалғасады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ күтіледі, таулы аймақтарда боран соғады. Республика бойынша желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін жетіп, кей уақыттарда 23–28 метрге дейін күшеюі мүмкін. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнгі және таңғы сағаттарда тұман болжанады", – делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ауа температурасы да төмендейді деп күтіледі:
- елдің батыс өңірлерінде түнде ауа температурасы -10…-18°С-тан -3…-13°С-қа дейін, күндіз 0…-15°С-тан -3…+5°С-қа дейін өзгереді;
- солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде -7…-15°С-тан -12…-28°С-қа дейін төмендеп, күндіз -5…-15°С-тан -8…-18°С-қа дейін суытады;
- оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы -3…-11°С-тан -5…-20°С-қа дейін, күндіз -5…+2°С-тан -1…-13°С-қа дейін төмендейді.
Бұған дейін Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына 2025 жылғы 15 желтоқсанда күтілетін қолайсыз ауа райы туралы ескерту жасалған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:31, 15 желтоқсан 2025
Ерлі-зайыптылардың банк құпиясына қолжетімділігін шектеу Конституцияға қайшы-қайшы еместігі тексеріледі
-
17:17, 15 желтоқсан 2025
Түркістан облысында табиғи ресурстарды заңсыз тасымалдаған 15 жүк көлігі анықталды
-
16:54, 15 желтоқсан 2025
Қарағанды облысында полиция 600-ден астам автокөліктің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етті
-
16:47, 15 желтоқсан 2025
Жұмыс берушілер субсидияланатын жұмыс орындарына қатысушыларды тұрақты жұмысқа қабылдауға міндеттеледі
-
16:40, 15 желтоқсан 2025
2026 жылғы ҰБТ: түлектерге маңызды ақпарат





