Цифрлық даму министрі электронды үкіметке түсетін жүктеме артқанын мәлімдеді
© Фото: gov4c.kz
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев 2026 жылғы 11 тамызда Үкімет отырысында электронды үкіметтің өнімділігін арттыру жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, ақпараттық жүйелер арасында деректерді жеткізу және алмасуды қамтамасыз ететін электронды үкімет шлюзі ұзақ уақыт бойы "әлсіз буын" болып келген.
"Оның техникалық мүмкіндіктері артып келе жатқан жүктемеге төтеп бере алмайтын деңгейге жетті. Тек өткен жылдың өзінде шлюз арқылы 19 млрд-тан астам транзакция өтті", – деді Мәдиев.
Осыған байланысты, оның сөзінше, пайдалануға өнімділігі жоғары жаңа шлюз енгізілген.
"Бұл жүктеме жыл сайын 25%-ға өсіп отырғанына қарамастан, жүйенің ең жоғары өткізу қабілеті мен жұмыс жылдамдығын 2,5 есеге арттыруға мүмкіндік берді. Жаңа шлюз іске қосылғалы бері бірде-бір ақау тіркелген жоқ", – деп түсіндірді Мәдиев.
Бұған дейін енді жасанды интеллект жұмыс іздеп жүрген қазақстандықтарға көмектесе алатындығын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:01, 11 тамыз 2026
Геннадий Головкин ресми түрде ISSA вице-президенті қызметіне үміткер атанды
-
17:00, 11 тамыз 2026
Алматыда 50 жылдан асқан тұрғын үйлерді кепілге қоюға неліктен рұқсат берілді
-
16:53, 11 тамыз 2026
Полицияға шабуыл жасаған үш қазақстандық түрмеге тоғытылды
-
16:46, 11 тамыз 2026
Астананың жаңа Бас жоспары: 2035 жылға қарай елорда халқының саны қанша болады
-
16:40, 11 тамыз 2026
Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді – «Отбасы банк» статистикасы





