Полицияға шабуыл жасаған үш қазақстандық түрмеге тоғытылды
© Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 11 тамызда ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі берген мәліметі бойынша, Бас прокуратураның наразылығынан кейін полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған Атырау облысының үш тұрғынына қатысты сот үкімі өзгертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін Қызылқоға аудандық соты Б. және А. есімді азаматтардың әрқайсысына төрт жыл бас бостандығын шектеу, ал Ж. есімді азаматқа үш жыл алты ай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған болатын.
Алайда тағайындалған жазаға Бас прокуратура өкілдері наразылық білдіріп, кассациялық сот алқасы бас бостандығын шектеу жазасы жасалған қылмыстың ауырлығына сәйкес келмейтіндігін және әділетсіз екенін айтты.
Іс материалдарын зерттеу барысында, Махат ауданында масаң күйдегі бір топ ер адам шақырту бойынша келген полиция қызметкерлеріне қоқан-лоқы көрсеткен.
Яғни, оқиға кезінде олар полицейлерді тепкілеп, таяқтап, таспен ұрған. Соққы салдарынан полиция қызметкерлерінің бірі орташа дене жарақатын алған.
Сот алқасы сотталғандардың әрекетін қоғамға қауіпті деп бағалады. Себебі олар қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, қызметтік міндетін атқарып жүрген полиция қызметкерінің денсаулығына зиян келтірген.
Осылайша Бас прокурор орынбасарының наразылығын қараған кассациялық сот алқасы бас бостандығын шектеу жазасын, бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды.
Сот үкімі өзгертілді. Б. және А. есімді азаматтардың әрқайсысы төрт жылға, ал Ж. үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Үшеуі де сот залында қамауға алынды, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 7 тамызда Алматы облысының тұрғыны әйел адамды аңдығаны үшін сотқа тартылғаны белгілі болған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:49, 11 тамыз 2026
43 градус ыстық, найзағай, бұршақ: 12 тамызда күн райы қандай болады
-
17:33, 11 тамыз 2026
Ауыр атлетика: Ксения Прозорова жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды
-
17:20, 11 тамыз 2026
Алматы LRT-сын 2027 жылы көреміз бе? Әкімдік жауап берді
-
17:20, 11 тамыз 2026
Алматыда LRT қашан іске қосылады
-
17:13, 11 тамыз 2026
Қазақстандағы маусымдық еңбек: жұмыс беруші қандай төлемдер жасауға міндетті





