Алматыда 50 жылдан асқан тұрғын үйлерді кепілге қоюға неліктен рұқсат берілді

17:00, 11 тамыз 2026
MKZ: 1560770

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

"Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова 2026 жылғы 11 тамызда Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Алматыда несие беру талаптарының не себепті жеңілдетілгенін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер бұған дейін "Отбасы банкте" Алматыдағы 50 жылдан асқан панельді үйлерді кепілге қоюға рұқсат берілгенін еске салды. Олар бұл шешімнің тұрғын үй нарығына қалай әсер ететінін және осыған байланысты проблемалық несиелердің көбею қаупі бар-жоғын сұрады.

"Мұндай шешім клиенттерімізден түскен көптеген өтініштің негізінде қабылданды. 50 жылдан асқан тұрғын үй дегеніміз не? Бұл – 1976 жылы және одан кейін салынған тұрғын үйлер. Ал егер пәтер 1975, 1974 немесе 1972 жылы салынған болса, ол автоматты түрде кепілге қойылатын мүлік талаптарына сәйкес келмейді. Біздің көптеген ірі қалаларымызда, әсіресе тарихи орталықтарға жататын ескі аудандарда, тұрғын үйлер ХХ ғасырдың 60-жылдарының соңы мен 70-жылдарының басында салынған. Көптеген салымшыларымыз, әсіресе 50/50 бағдарламасына қатысушылар, тұрғын үйді дәл осы аудандардан сатып алғысы келді. Сондықтан біз осындай шешім қабылдадық", – деді Ләззат Ибрагимова.

Ол бұл шешім проблемалық қарыздар портфелінің өсуіне алып келетін тәуекел туғызбайды деп санайды.

"Біз банкте үйдің салынған жылы мен клиенттің несие бойынша мінез-құлқы арасында қандай да бір байланысты байқамаймыз. Сондықтан клиенттеріміздің талабын ескердік. Әр жағдай орналасқан жеріне және кепіл мүлкін бағалау нәтижесіне қарай жеке қарастырылады", – деді "Отбасы банк" басшысы.

Бұған дейін жеткіліктілік шегінің көтерілуінен кейін ипотекаға берілген өтінімдер саны қалай өзгергенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!