Астананың жаңа Бас жоспары: 2035 жылға қарай елорда халқының саны қанша болады

16:46, 11 тамыз 2026
MKZ: 1560765

© Фото: Zakon.kz

Үкімет Астана қаласының Бас жоспарын жаңартты. Құжатта 2035 жылға қарай елорда халқының саны қанша болуы керектігі көрсетілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас жоспарға сәйкес, Астана халқының болжамды саны:

  • 2030 жылға қарай – 1 965 500 адам;
  • 2035 жылға қарай – 2 275 000 адам.

Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Астана халқының саны 1 674 699 адамға жеткен.

Халық санының осылай өсуін ескере отырып, Бас жоспарда 2035 жылдың соңына дейін жалпы сыйымдылығы 159 194 орын болатын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын, яғни 206 балабақша салу көзделген. Сонымен қатар жалпы сыйымдылығы 256 170 орын болатын жалпы білім беретін мектептер салу жоспарланған. Жалпы білім беретін мектептердегі орындарға қажеттілік 2030 жылға қарай 182 423 орынды, ал 2035 жылға қарай 256 170 орынды құрайды.

Бұл ретте, еліміздің оңтүстік астанасы – Алматы қаласының халқы 2026 жылғы маусымдағы жағдай бойынша 2 366 525 адамды құраған.

Астана қаласының Бас жоспарының толық мәтінімен осы жерден танысуға болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!