Әйелді полицейдің көз алдында бетінен тепкен: видео Қазнетті дүр сілкіндірді
© Фото: pexels
Жетісу облысының Ақсу ауданында жергілікті саудагерлер арасындағы тұрмыстық жанжал жаппай төбелеске ұласқан. Әлеуметтік желіде әйелді полиция қызметкерінің көз алдында бетінен тепкен сәт түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнынан түсірілген кадрларды "Криминальный Казахстан" Telegram-арнасы жариялады. Видеода жанжалға қатысушылардың бірі жерде жатқан әйелге жақындап, жанында полиция қызметкері тұрғанына қарамастан, оның бетінен қатты тепкенін көруге болады.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жанжал сатып алушылар үшін таластан туындаған. Саудагерлер арасындағы дау олардың бір бөлігін арнайы жабдықталған базарға көшіргеннен кейін ушыққан.
Төбелес салдарынан зардап шеккен әйел жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мен жәбірленуші бұған дейін бір-бірін таныған.
"Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға және жанжалға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беруге бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деді 10 тамызда облыстық полиция департаментінің өкілдері Zakon.kz тілшісіне.
Полиция тергеу нәтижесінде Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті процестік шешім қабылданатынын мәлімдеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:05, 10 тамыз 2026
Фабиан Марожан Алматыдағы ATP 250 турнирінде өнер көрсетеді
-
21:36, 10 тамыз 2026
Қазақстан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында тағы екі медаль жеңіп алды
-
20:50, 10 тамыз 2026
Шымкентте 100-ге жуық өнерпаз Абай әндерін шырқады
-
20:29, 10 тамыз 2026
ШҚО-да полицейлер дрон арқылы жоғалған жылқыларды іздеп тапты
-
20:13, 10 тамыз 2026
«Өрмекші адам: Жаңа күн» кассалық рекордтарды жаңартты: фильм қанша табыс тапты





