Чехиядағы шіркеуден ортағасырлық әулиенің бас сүйегі ұрланды
© Сурет: Х/iROZHLAScz
Чехияда Әулие Лаврентий және Әулие Здислава базиликасынан шамамен 800 жылдық көне бас сүйек ұрланған, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Guardian мәліметінше, бұл бас сүйек XIII ғасырда өмір сүрген әулие Здислава Лемберкскаяға тиесілі болуы мүмкін. Ол кедейлерге көмектескен, мейірімділігімен танылған, бірақ тәртіпті қатаң ұстанған тұлға ретінде белгілі. 1995 жылы оны Рим Папасы Иоанн Павел II әулиелер қатарына қосқан.
Прага архиепископы Станислав Прибыл бұл оқиғаға таңданысын білдірді:
"Бас сүйек қажылар үшін ерекше қадірлі жәдігер еді. Біреу оны тал түсте шіркеуден ұрлап кеткеніне сене алмаймын. Бұл жәдігердің құндылығы ең алдымен тарихи әрі рухани мәнге ие", – деді ол.
Полиция бақылау камерасынан түсірілген анық емес бейнежазбаны жариялаған. Онда қара киімді адамның шіркеу ішіндегі орындықтардың арасымен бас сүйекті алып бара жатқаны көрінеді. Алғашында күдікті ер адам деп болжанғанымен, кейін құқық қорғау органдары оның жынысын нақты айта алмай отырғанын және тергеу жалғасып жатқанын хабарлады.
Včera vpodvečer odcizil neznámý pachatel v Bazilice sv. Vavřince a sv. Zdislavy v Jablonném v Podještědí vzácnou relikvii, lebku Zdislavy z Lemberka. Na případu pracují českolipští kriminalisté s vědomím jeho mimořádnosti. https://t.co/rVVMPjJyCt. #policielbk pic.twitter.com/p8rjMzzMaF
— Policie ČR (@PolicieCZ) May 13, 2026
Сонымен қатар полиция бұл жәдігердің нақты бағасы әлі анықталмағанын айтты.
"Біз бұл оқиғаны ұрлық ретінде тіркедік және келтірілген шығын көлемін анықтау үшін сараптама тағайындаймыз. 12 мамыр күні, кешкі 18:00 шамасында, базилика маңында болған адамдардың кез келген ақпараты біз үшін маңызды", – делінген полиция хабарламасында.
Бұған дейін мысырлық археологтар су астында қалған 80 тонналық шамшырақтың құпиясын ашуда екенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:17, 15 мамыр 2026
Астанада екі деңгейлі жолдың құрылысы қашан басталуы мүмкін
-
13:06, 15 мамыр 2026
Тоқаев пен Мирзиёев Түркістандағы жаңа мешітке барды
-
12:55, 15 мамыр 2026
Садыр Жапаров пен Шавкат Мирзиеев Түркістанға келді – президенттерді кім және қалай қарсы алды
-
12:49, 15 мамыр 2026
Жұмыс орнындағы тәлімгерлік: кәсіби стандарт бекітілді
-
12:36, 15 мамыр 2026
Қазақстанда «жасанды жаңбыр» жобасы іске қосылады





