Астанада екі деңгейлі жолдың құрылысы қашан басталуы мүмкін
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Астана әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев 2026 жылғы 15 мамырда Үкімет кулуарында елордада екі деңгейлі жол салу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ерсін Өтебаевтың айтуынша, қала билігі Астанада екі деңгейлі жол салу мүмкіндігін қарастырып жатыр.
"Қазір эскиздік жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әртүрлі нұсқалар қарастырылуда – жер үсті және жер асты жол айрықтары болуы мүмкін. Дегенмен бұл кезеңде нақты шешім қабылданған жоқ. Жұмыстар жүріп жатыр, бірақ мұндай екі деңгейлі жол, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қала үшін, әсіресе елорда үшін қажет", – деді ол.
Алдын ала жоспар бойынша, мұндай жолды Қабанбай батыр даңғылы бойында салу көзделіп отыр.
"Қанша қаражат қажет болатыны әлі нақты есептелген жоқ. Нақты бір көзқарас қалыптасқан кезде қосымша хабарлаймыз. Мерзімін де нақты айту қиын, себебі қала тез өсіп жатыр және қатар жүзеге асуы тиіс көптеген жобалар бар. Биыл жылдың соңына дейін жоба дайын болмайды. Жоба тек 2027 жылдың ортасына қарай ғана дайын болуы мүмкін", – деді әкім орынбасары.
Бұған дейін жазғанымыздай, Астанаға Италиядан Леонардо да Винчи жайлы көрме экспонаттары әкелінді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:02, 9 маусым 2026
Алматыдағы оқу-жаттығу кезінде полицейлер зардап шекті
-
22:07, 9 маусым 2026
Түркістан облысында бір жасар бала ауладағы әжетханаға құлап кетті
-
21:58, 9 маусым 2026
Алматыда полиция жүк тасымалына бақылауды күшейтті
-
21:12, 9 маусым 2026
10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:49, 9 маусым 2026
Қостанай облысындағы трассада болған жол апатынан екі адам қаза тапты





