Садыр Жапаров пен Шавкат Мирзиеев Түркістанға келді – президенттерді кім және қалай қарсы алды
© Сурет: Telegram/shmirziyoyev
Қазақстанға жұмыс сапарымен Қырғызстан мен Өзбекстан президенттері Садыр Жапаров пен Шавкат Мирзиеев келді. Олар бүгін, 2026 жылғы 15 мамырда Түркістанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы екі көшбасшының баспасөз қызметінің ақпаратынан белгілі болды.
"Мемлекет басшысының борты Түркістандағы Әзірет Сұлтан халықаралық әуежайына қонды. Президент Садыр Жапаровты ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды". ҚР Президентінің баспасөз қызметі
Атап өтілгендей, әуежайдың ту тұғырларына ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің тулары ілінген, кілем төселген, оның бойында құрметті қарауыл сап түзеген.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің борты да Әзірет Сұлтан әуежайына келді.
"Әзірет Сұлтан халықаралық әуежайында жоғары мәртебелі қонақты ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды". Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі
Бұған дейін Түркістанға ТМҰ бейресми саммитіне қатысу үшін Қасым-Жомарт Тоқаев келгенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:02, 9 маусым 2026
Алматыдағы оқу-жаттығу кезінде полицейлер зардап шекті
-
22:07, 9 маусым 2026
Түркістан облысында бір жасар бала ауладағы әжетханаға құлап кетті
-
21:58, 9 маусым 2026
Алматыда полиция жүк тасымалына бақылауды күшейтті
-
21:12, 9 маусым 2026
10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:49, 9 маусым 2026
Қостанай облысындағы трассада болған жол апатынан екі адам қаза тапты





