БЖЗҚ 2024 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін жариялады
© Сурет: Zakon.kz
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2024 жылға арналған зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігінің ең төменгі шектерін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
БЖЗҚ ең төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшері бұрынғы деңгейде қалғанын мәлімдеді.
"2024 жылға арналған ТЖШ мөлшері 2023 жылғы ТЖШ деңгейінде қалатынын хабарлайды", - деп жазылған 2023 жылғы 12 желтоқсандағы хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, ТЖШ – бұл ай сайынғы зейнетақының мөлшерін ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес деңгейде қамтамасыз етуге қажетті зейнетақы жинақтарының (міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған) ең төменгі мөлшері. Бұл әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, сондай-ақ болашақ зейнетақы жарналарының болжамды есептеулеріне (ең төменгі жалақы мөлшерінен) және инвестициялық табыстылыққа сүйене отырып анықталатын зейнетақы жинақтарының бағалау сомасы. Басқаша айтқанда, ең төменгі жеткіліктілік шегі – бұл салымшының зейнет жасына жеткенде ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес зейнетақы төлемдерін (ең төменгі базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) алуы үшін шотта қалуға тиіс ең төменгі көрсеткіш.
2024 жылға арналған ТЖШ есептеу кезінде 2024 жылға арналған төмендегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер1 пайдаланылды:
1) ең төменгі жалақы мөлшері - 85 000 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 28 215 теңге;
3) зейнетақының ең төменгі мөлшері-57 853 теңге;
4) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің
шамасы – 43 407 теңге.
Ең төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшерін бұрынғы деңгейде сақтау (2023 жылмен салыстырғанда өсірмей, өзгеріссіз қалдыру) ішінара кірістің болжамды жылдық пайыздық мөлшерлемесінің жоғарылауымен де байланысты.
Осылайша, бекітілген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен болжамды есептеулерді ескере отырып, 2024 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшері ағымдағы деңгейде сақталады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:15, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты
-
11:01, 20 желтоқсан 2025
Алматының жаңартылған Бас жоспарының жобасы Мәжіліс депутаттарына таныстырылды
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды





