Бұрынғы қаржы вице-министрі төрт жылға сотталды

16:33, 23 қыркүйек 2021

© Сурет: kazatomprom.kz

Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық No2 соты бұрынғы қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Сот Руслан Еңсебаевты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі бойынша көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды және осы бап бойынша оны 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын орташа қылмыстық-атқару мекемесінде өтеуді үкім етті. Сонымен қатар ол мемлекеттік қызметте, сотта, жергілікті өзін-өзі басқару органында, ҚР Ұлттық банкінде, оған бағынышты мекемелерде, қаржы нарығы мен қаржы ұйымын бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік секторда өмір бойына қызмет ету құқығынан айырылды, - деді No2 аудандық сотының судьясы Бақытжан Есенов.

Ол үкім заңды күшіне енгенге дейін кепіл түріндегі таңдалған бұлтартпау шарасы қамау түрінде ауыстырылып, оны бірден қамауға алу керектігін айтты.

Кепіл кепілгерге қайтарылсын. Жазаның орындалуы үкім заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі. ҚР Қылмыстық кодексінің 62-бабының 3-бөлігінің 2-тармағына сәйкес, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның мерзімі 2021 жылдың 23 қыркүйегінен бастап, яғни үкім заңды күшіне енгенге дейін қамауда ұстау уақытымен есептеледі, - деп түсіндірді судья.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!