Бүгін белгілі ақын Әбдікәрім Ахметовтің туғанына — 100 жыл
© Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақын "Лениншіл жас" газетінде әдеби қызметкер, "Социалистік Қазақстан" газетінде жауапты хатшының орынбасары, Қазақ мемлекет көркем әдебиет баспасында редактор, ҚР Баспасөз жөніндегі мемлекеттік комитетінде қызметтер атқарған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әбдікәрім Ахметовтің алғашқы жинағы "Өлеңдер" деген атпен 1953 жылы жарық көрген. Оның философиялық терең ойға, нәзік сезімдерге толы "Халықбек", "Екінші дәптер", "Нан туралы сөз", "Өшпеген жалын", "Толқындағы өмір" тағы басқа өлеңдері мен поэмалары көпшілікке жақсы таныс. Бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылған.
Қаламгер А.Пушкин, М.Лермонтов, А.Твардовский, С.Маршак, Э.Межелайтис т.б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударған. 1973 жылы қарақалпақ әдебиетінің классигі Бердақ ақынның таңдамалы толғаулары мен дастанын қысқаша жырлап, жеке кітап етіп шығарды.
Қаламы қарымды ақынға "Баспа озаты" деген құрметті атақ берілген.6209:37
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды
-
19:57, 18 желтоқсан 2025
Қостанай облысында жабық жолда тәртіп бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
-
19:31, 18 желтоқсан 2025
Тоқаев Қатар Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
-
19:30, 18 желтоқсан 2025
Талдықорғанда синтетикалық есірткі сақтаған Ақтөбе облысының тұрғыны ұсталды
-
19:22, 18 желтоқсан 2025
Астанадағы заңсыз техника саудасы: 600-ден астам телефон тәркіленді





