Бублик US Open турнирінің үшінші айналымына өтті
© Сурет: Instagram/bublik
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz басылымының дерегінше, екінші айналымда Бублик Франция өкілі Адриан Маннариномен кездесті.
1 сағат 22 минутқа созылған тартыста қазақстандық теннисші 6:3, 6:1, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Бублик 16 рет эйс жасап, үш рет қателікке жол берді. Сондай-ақ 14 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды.
Ал оның қарсыласы бір эйс жасап, үш рет қос қателік жіберді және үш брейк-пойнттың біреуін де жүзеге асыра алмады.
Келесі айналымда Бублик Дино Призмич (Хорватия) пен Томми Пол (АҚШ) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Бұған дейін Елена Рыбакинаның WTA рейтингінде көш бастаған туралы жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:29, 3 қыркүйек 2026
Қытайлық ойыншы Юнчаокете US Open-2026 турнирінің екінші айналымындағы басты сенсацияға айналды
-
16:23, 3 қыркүйек 2026
65 жастан кейін ақыл-ойды сергек ұстау: ғалымдар маңызды шарттарды атады
-
16:12, 3 қыркүйек 2026
Көп SIM-карталы құрылғы иелеріне 5 жылға дейін жаза қарастырылған: Бас прокуратура ескерту жасады
-
16:07, 3 қыркүйек 2026
Алматы облысының әкімі ауысуы мүмкін
-
16:00, 3 қыркүйек 2026
Ангела Меркель Германия президенті болудан бас тартты





