-5°С: Қазақстанның бірқатар өңірлерінде күн суытып, үсік жүретіні болжанады

18:18, 2 қыркүйек 2026
MKZ: 1564822

© Сурет: magnific.com

Синоптиктер 2026 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын жариялады. Оған сәйкес, түнде сынап бағаны -5°С-ге дейін төмендеп, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрып, тұман түседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, болжамға сәйкес, түнде мына өңірлерде үсік жүреді деп күтіледі:

  • Павлодар облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда, Абай облысының батысында, шығысында сынап бағаны -1...-5°С-ге дейін төмендейді;
  • Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының шығысында түнде топырақ беті қатып, сынап бағаны -1...-2°С көрсетеді.
"Атмосфералық фронттардың жүруіне байланысты Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, күндіз найзағай болады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Антициклон әсерінен еліміздің батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады.

"Республикамыз бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің күшеюі жатқызылады, сондай-ақ еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, ал солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында түнде және таңертең тұман болады". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Сонымен қатар, бірқатар өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі болжанады:

  • жоғары өрт қаупі – Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, Қостанай облысының солтүстік-батысында, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының орталығында, Жетісу облысының солтүстігінде;
  • төтенше өрт қаупі – Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Ұлытау облысында, Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, Алматы облысының батысында, шығысында, орталығында, Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында.

Бұған дейін синоптиктер 1 қыркүйекте Астанада, Алматыда, Шымкентте 50 жыл бұрын ауа райы қандай болғанын айтып, бүгінгі күнмен салыстырған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!