Қытайлық ойыншы Юнчаокете US Open-2026 турнирінің екінші айналымындағы басты сенсацияға айналды
© Сурет: Instagram/yunchaokete
3 қыркүйекте АҚШ-тың ашық чемпионатындағы жекелей сында бірінші айналымның барлық матчтары аяқталып, турнирдің екінші кезеңінің бірқатар кездесулері де басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңбыр салдарынан бірнеше күнге созылған алғашқы айналым қорытындысы бойынша Қытай теннисшісі, әлемнің 124-ракеткасы Бу Юнчаокете тамаша ойынымен көзге түсті. Ол негізгі кезеңге "лаки-лузер" ("сәтті жеңілген") қатысушы ретінде жолдама алған.
Бу іріктеу кезеңінің финалында жеңілгенімен, негізгі кезеңге жолдама беретін жеребеде бағы жанды. Ол мүмкіндігін тиімді пайдаланып, бірінші айналымда турнирдің 12-ші сұрыпталған ойыншысы, испаниялық жас талант Рафаэль Ходарды 6:2, 6:1, 6:1 есебімен ойсырата жеңді.
Осылайша Ходар US Open тарихында "лаки-лузерге" жеңілген рейтингі ең жоғары теннисші атанды.
Ал 24 жастағы қытайлық теннисші "Үлкен дулыға" турнирлерінде алғаш рет бір айналымнан өтті. Сонымен қатар ол мансабында үшінші рет әлемнің үздік 20 теннисшісінің бірін жеңіп отыр.
Бұған дейін Бу Юнчаокете Андрей Рублев пен Стефанос Циципасты сенсациялық түрде жеңген болатын.
Айта кетейік, ресейлік Рублев Нью-Йорктегі түнгі матчта испаниялық Даниэль Меридеден жеңіліп, жанкүйерлерін тағы да ренжітті.
Ал Циципас турнирдің алғашқы кезеңінде Артур Фильсті сенсациялық түрде жеңгеннен кейін, үшінші айналымға шығу жолында оңтүстікафрикалық Ллойд Харристен басым түсті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:48, 3 қыркүйек 2026
Астанада пәтерінде есірткі сақтады деген күдікпен ер адам мен әйел ұсталды
-
17:39, 3 қыркүйек 2026
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының үшінші күні: Қазақстан қоржынында - 3 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль
-
17:10, 3 қыркүйек 2026
Олжас Бектенов жаңадан тағайындалған министрлерді таныстырды
-
17:00, 3 қыркүйек 2026
Қауіпсіздік кеңесінің жаңа құрылымы аталды
-
16:54, 3 қыркүйек 2026
Бір депозитте қанша ақша сақтауға болады: шекті мөлшер белгіленді





