65 жастан кейін ақыл-ойды сергек ұстау: ғалымдар маңызды шарттарды атады

16:23, 3 қыркүйек 2026
MKZ: 1565020

© Сурет: pixabay

Білім алу, интеллектуалдық еңбекпен айналысу, белсенді өмір салтын ұстану және эмоциялық интеллект адамның 65 жастан кейін когнитивтік қабілеттерін ұзақ уақыт сақтауға көмектеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

EurekAlert басылымының ақпаратына сай, мұндай қорытындыға Италиядағы SISSA Халықаралық жоғары зерттеулер мектебінің ғалымдары келген.

Зерттеушілер екі зерттеу жүргізіп, өмір бойы жинақталған білім мен интеллектуалдық дағдылардан тұратын когнитивтік қоры жоғары адамдардың сөйлеу және жұмыс жадын тексеруге арналған тапсырмаларды жақсы орындайтынын анықтаған.

Эмоцияның да маңызы зор. Жағымды эмоциялар қажетті сөзді тезірек табуға көмектессе, эмоциялық интеллектінің жоғары болуы ақпаратты өңдеуге және эмоциялық әсерлерге жауап беруге ықпал етеді.

Зерттеушілердің айтуынша, интеллектуалдық белсенділік пен эмоциялық дағдылар бір-бірімен байланыста жұмыс істеп, мидың саулығын сақтауға және жас ұлғайған сайын когнитивтік қабілеттердің төмендеуін баяулатуға көмектеседі.

Бұған дейін 101 жастағы ер адам 80 жылдық некенің бес құпиясымен бөліскені туралы жазған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!