1 қыркүйекте Астанада, Алматыда, Шымкентте ауа райы қалай өзгерді: 50 жыл бұрынғы мәліметтер
© Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 2 қыркүйекте "Қазгидромет" РМК синоптиктері 50 және 30 жыл бұрын Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райының қандай болғанын әрі 2026 жылғы жағдаймен салыстыра отырып, қызықты статистиканы алға тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Метеорологтар алдымен Астана қаласына қатысты мәліметтерді ұсынды:
- 1976 жылы 1 қыркүйекте ауа температурасы +2,4 °C-ге дейін төмендесе, күндіз күн райы +12,6 °C-ге дейін жылынды.
- 1996 жылы түнде +3,0 °C болды, ал ең жоғары температура +17,5 °C-ді құрады.
- Ал 2026 жылы ең төменгі температура +8,2 °C, ең жоғары температура +15,1 °C болды.
Алматыға қатысты мәлімет:
- 1976 жылы ауа температурасы +14,6-тан +24,9 °C-ге дейінгі аралықта болды.
- 1996 жылы — +7,4-тен +22,3 °C-ге дейін.
- Ал 2026 жылғы 1 қыркүйекте ауа температурасы +14,8-ден +19,4 °C-ге дейін өзгерді.
Шымкентте:
- 50 жыл бұрын, 1976 жылы ауа температурасы +14,4-тен +28,4 °C-ге дейін болды.
- 30 жыл бұрын, 1996 жылы, — +2,5-тен +17,5 °C-ге дейін.
- Ал 2026 жылы +14,2-ден +30,1 °C-ге дейін болды.
Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2 қыркүйекте еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:18, 2 қыркүйек 2026
-5°С: Қазақстанның бірқатар өңірлерінде күн суытып, үсік жүретіні болжанады
-
17:52, 2 қыркүйек 2026
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан үш алтын және бір қола медаль жеңіп алды
-
17:33, 2 қыркүйек 2026
Алматыда спорттық гимнастикадан ел чемпионатының жеңімпаздары анықталды
-
17:10, 2 қыркүйек 2026
Алматыда жеке үйдің дәретханасынан ер адамның денесі табылды
-
16:58, 2 қыркүйек 2026
Ұлттық банктегі қызметке тағайындау тәртібі өзгерді: жаңа талаптар кімдерге қатысты





