Brent маркалы мұнайдың бағасы 2014 жылдан бері алғаш рет 97 доллар болды

09:39, 22 ақпан 2022

© Сурет: pixabay

Мұнай Ресей президенті Владимир Путиннің Донецк және Луганск халық республикаларының тәуелсіздігін мойындау туралы шешімінен кейін қымбаттай бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың бағасы 2014 жылдың қыркүйегінен бері алғаш рет барреліне 97 доллардан асты.

Баға 97,6 долларға дейін көтерілді. Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 09:00-дегі жағдай бойынша мұнай бағасы 96,8 доллар болды.

Мұнай Ресей президенті Владимир Путиннің Донецк және Луганск халық республикаларының тәуелсіздігін мойындау туралы шешімінен кейін қымбаттай бастағаны айтылуда.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!