«Бомба қойдым»: Алматыда полицияға жалған хабар берген 56 жастағы ер адам ұсталды
© Сурет: polisia.kz
Алматыда полицияға жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицияға Алматы қаласындағы аудандық полиция басқармаларының бірінің ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына қаланың шұғыл қызметтері дереу жетіп, ғимарат пен оған іргелес аумақты мұқият тексерді.
Тексеру нәтижесінде жарылғыш заттар, жарылғыш құрылғылар, оқ-дәрілер және жедел қызығушылық тудыратын өзге де заттар анықталған жоқ.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында басқарма қызметкерлері аталған хабарламаны жасаған адамды анықтады.
"Ол 56 жастағы ер адам болып шықты. Ер адам іс жүзінде ешқандай жарылғыш зат қоймағанын және ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламаны қасақана жасағанын мойындады", – делінген хабарламада.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция азаматтарды жауапкершілікпен қарауға шақырады. Ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны туралы кез келген хабарлама нақты қауіп ретінде қабылданып, тиісті қызметтердің жедел әрекет етуіне негіз болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:53, 15 қыркүйек 2026
Ли Чжэ Мёң Тоқаевқа Хон Бом Доның сүйегін Кореяға қайтаруға көмектескені үшін алғыс айтты
-
17:51, 15 қыркүйек 2026
Тоқаев пен Ли Чжэ Мёң кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
-
17:27, 15 қыркүйек 2026
Тоқаев: Кореялық компанияларға Қазақстанда барлық кепілдік беріледі
-
17:14, 15 қыркүйек 2026
Түнде +6°С-тан күндіз +32°С-қа дейін: Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
17:06, 15 қыркүйек 2026
Рыбакина WTA Finals-2026 турниріне бірінші болып жолдама алды





