«Болашақ» бағдарламасымен Еуропада оқып жатқан жастарға үндеу жасалды
© Сурет: flickr/Erwin Wodicka
"Халықаралық бағдарлама орталығы" АҚ бүгін, 2024 жылдың 17 қыркүйегінде Орталық және Шығыс Еуропадағы қолайсыз ауа райы жағдайларына қатысты үндеу жасап, "Болашақ" шәкіртқасының иегерлеріне жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресми хабарламада Орталық және Шығыс Еуропада "Борис" дауылының салдарынан туындаған қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты Халықаралық бағдарламалар орталығы аталған аймақта білім алып жатқан стипендиаттармен тығыз байланыста болып, жағдайды мұқият қадағалап отырғаны айтылады.
"Дауыл Польша, Чехия, Австрия, Словакия және Венгрия елдерін қамтыды, ал бұл елдерде "Болашақ" бағдарламасы және ғылыми тағылымдамалар аясында Қазақстанның 15 азаматы оқып жүр", делінген "Халықаралық бағдарлама орталығы" АҚ хабарламасында.
Сондай-ақ барлық стипендиаттарға қауіпсіздік шаралары туралы ескертіліп, олар жергілікті биліктің ұсыныстарына сәйкес әрекет етіп жатқаны нақтыланады.
"Қазіргі уақытта стипендиаттарымыз арасында зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Стипендиаттарымызды барлық сақтық шараларын сақтауға және өз қауіпсіздігіңіз үшін байланыста болуға шақырамыз"."Халықаралық бағдарлама орталығы" АҚ
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, соңғы бірнеше онжылдықтағы ең күшті дауыл - "Борис" Орталық және Шығыс Еуропаның бір бөлігінде мінез танытып жатыр. Жауын-шашынның салдарынан су тасқыны болып, салдарынан үйлер қирап, құрбандар да тіркелді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:12, 13 қазан 2024
Қостанай облысының бұрынғы әкімі дүние салды
-
15:58, 13 қазан 2024
Мектепте ақша жинау фактісі орын алған жағдайда қайда хабарласу керек
-
15:49, 13 қазан 2024
Әмір Омарханов ATP 250 Almaty Open турниріндегі тартысты матчта жеңіліп қалды
-
14:28, 13 қазан 2024
Данилина мен Хромачева жұбы Ухандағы WTA-1000 турнирінің жеңімпазы атанды
-
14:14, 13 қазан 2024
Қарағандыда автобус жаяу жүргіншіні қағып, мерт етті