Бокстан Қытайдағы әлем кубогы кезеңі: Қазақстанның тағы үш өкілі жартылай финалға шықты
© Сурет: olympic.kz
Гуйянда (Қытай) бокстан әлем кубогы кезеңінің бесінші жарыс күніндегі күндізгі сессия аяқталды. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш өкілі жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Абылайхан Жүсіпов Өзбекстан өкілі Шавкатжон Болтаевты төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп, өзіне кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті.
Сондай-ақ Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) да жартылай финалға шықты. Қазақстандық былғары қолғап шебері Қырғызстан спортшысы Анваржан Ходжиевтен басым түсті. Әйелдер арасындағы жарыста Виктория Графеева (60 келіге дейін) Оңтүстік Корея өкілі О Ён Джиді сенімді түрде жеңді.
Ал Лаура Есенкелді (70 келіге дейін) мен Тимур Нұрсейітов (75 келіге дейін) жарысты ширек финал кезеңінде аяқтады.
Айта кетейік, кешкі сессияда Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.
Бұған дейін Назым Қызайбай Әлем кубогы кезеңінің жартылай финалына шыққанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:07, 19 маусым 2026
+42°C. Еліміздің басым бөлігінде 20 маусымда күн қатты ыситыны ескертіледі
-
17:49, 19 маусым 2026
Жоғары дәрежелі шақырту бойынша: Алматыда дәмхана өртенді
-
17:41, 19 маусым 2026
Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатының ең әдемі ойыншылары анықталды
-
17:22, 19 маусым 2026
Апорт алмасы қайта жаңғыртылып, жаңа бақтардың аумағы 110 гектарды қамтитын болады
-
16:56, 19 маусым 2026
Ақтау әуежайындағы жөндеу жұмыстары қашан аяқталады





