Алматыда екпіні күшті жел соғып, қар жауады

19:31, 1 қазан 2026
MKZ: 1570007

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

Алматы төтенше жағдайлар департаменті 2026 жылғы 2 қазан, жұма күні ауа райы күрт нашарлайтынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандардың мәліметінше, қалада оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Сонымен қатар Алматыда өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады.

Сондай-ақ Іле Алатауының таулы аймақтарында, соның ішінде Медеу және Бостандық аудандарының аумағында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.

Түнде кей жерлерде жауын-шашын мол түседі.

Бұдан бөлек, таулы аймақтарда оңтүстік-батыс желі күшейіп, оның екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!