Тоқаев бавариялық бизнеске Транскаспий дәлізінде хабтар құруды ұсынды
© Сурет: zakon.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев микроэлектроника өндірісіндегі ынтымақтастық перспективасына айрықша тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бавария Infineon Technologies, Siltronic, Rohde & Schwarz секілді дүние жүзі мойындаған компанияларды біріктіріп, жартылай өткізгіштер мен микроэлектроника саласында Еуропадағы ең үздік экожүйелердің бірін қалыптастырды. Қазақстанға ауқымды микросхема өндірісінен гөрі отандық өнеркәсіптің дамуына тікелей септігін тигізетін қосылған құны жоғары өнімдер шығарудан бастаған оңтайлы болар еді. Энергетика, тау-кен, металлургия, көлік және өңдеу өнеркәсібі салаларына үлкен қуат ағындарын реттейтін электроникалар, датчиктер, өлшем жүйелері мен автоматтандырылған күрделі басқару жүйесі көбірек қажет. Осы орайда, Bavarian Chips Alliance қатысуымен арнайы серіктестік бағдарламасын іске қосуды ұсынамын. Осының аясында тиісті қазақстандық компанияларды, ғылыми-зерттеу мекемелерін және даму институттарын бавариялық жартылай өткізгіштер өндірісінің экожүйесімен сабақтастыруға болады", – деді Президент.
Мемлекет басшысының пікірінше, жаңа өндірістердің халықаралық нарыққа шығуы үшін көлік және логистика саласындағы сенімді байланыстар өте маңызды.
Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев бавариялық бизнесмендерді Транскаспий халықаралық көлік бағдарының бойында өнеркәсіп және логистика хабтарын бірлесе қалыптастыруға шақырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:05, 30 қыркүйек 2026
Ғұсман Қырғызбаев Азиада-2026-да бесінші орын алды
-
22:19, 30 қыркүйек 2026
Президент Алматыда Бавария экономикасының өкілдігін ашуды ұсынды
-
22:16, 30 қыркүйек 2026
Қазақстан мыс, титан, алюминий және басқа маңызды ресурстармен ұзақ уақыт қамтамасыз ете алады - Тоқаев
-
22:10, 30 қыркүйек 2026
Тоқаев Германиямен экономикалық байланысты тереңдетуге мүмкіндік мол екенін айтты
-
21:56, 30 қыркүйек 2026
Алматыда жыл басынан бері 52 нысан бұзылды





