Блогер Қайсар Қамза жеті жылға дейін сотталуы мүмкін
© Фото: pexels
Қазақстандық блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды. Ол заңсыз интернет-казиноны жарнамалап, қазақстандықтарды құмар ойындарға тартты деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігінің қолдауымен күдіктіні елге қайтарды.
Тергеу нұсқасына сәйкес, 2025 жылғы қаңтарда Қамза әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі үлкен аудиториясын пайдаланып, сыйақы үшін заңсыз интернет-казиноларды жарнамалаған. Сондай-ақ Қазақстан азаматтарын құмар ойындарға қатысуға тартқан.
Тергеу мәліметінше, интернет-казиноны насихаттағаны үшін оның криптовалюталық әмиянына 200 мың АҚШ доллары түскен.
Бас прокуратураның мәліметінше, қылмыстық топ мүшелері 2021 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстанда бірнеше заңсыз онлайн-казиноның қызметін ұйымдастырған.
Олар төлем терминалдары арқылы 106 млрд теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденген.
Осы іс бойынша қылмыстық топтың тоғыз сыбайлас қатысушысы қамауға алынған. Қалған күдіктілерге, оның ішінде Қайсар Қамзаға да халықаралық іздеу жарияланған.
Биыл маусымда Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша күдікті Вьетнам аумағында ұсталған.
Кейін Бас прокуратураның сұрауы негізінде оны Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім қабылданған.
Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Егер тағылған айып сотта дәлелденсе, оған мүлкін тәркілеу және жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:45, 6 тамыз 2026
ҚФФ Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкерінің есімін жарияламақ
-
18:32, 6 тамыз 2026
«72 рет пышақ сұғар едім»: Нұрай Серікбай туралы сұмдық пікір полицияға жетті
-
18:15, 6 тамыз 2026
Рыбакина Торонто турнирінің үшінші айналымында кіммен ойнайды
-
18:05, 6 тамыз 2026
Қазақстанда бейнебақылау жүйелеріне қойылатын алғашқы ұлттық стандарт бекітілді
-
17:44, 6 тамыз 2026
Атырауда жыл басынан бері 17 бала терезеден құлаған: прокуратура ескерту жасады





