«72 рет пышақ сұғар едім»: Нұрай Серікбай туралы сұмдық пікір полицияға жетті
© Фото: Zakon.kz
Шымкентте әлеуметтік желіде қаза болған Нұрай Серікбайға қатысты агрессивті пікір қалдырған 37 жастағы ер адам жауапкершілікке тартылды. Құқыққа қайшы контент жариялағаны үшін оған әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы алғашында марқұм қыздың туыстарының мүддесін қорғап жүрген адвокат Аянхан Омаров мәлімдеді. Ол Threads-тегі парақшасында полиция @dkraken9 аккаунтының иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырғанын жазды.
Заңгер өз жазбасында әлеуметтік желі қолданушысының даулы пікірін келтірді: "Мен Нұрайға 72 рет пышақ сұғар едім".
"Бұл жағдай әлеуметтік желіде жарияланған пікірлердің де заң алдында жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін анық көрсетеді. Істің барысы туралы қосымша ақпаратты бөлісіп отырамын. Себебі бұл азаматтың осыған ұқсас мазмұнда басқа да пікірлер қалдырғаны белгілі болды", – деп жазды Аянхан Омаров 2026 жылғы 6 тамызда.
Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі құқық бұзушылық фактісін растады. Полицияның мәліметінше, процессуалдық әрекеттер аяқталып, құқық бұзушы жазасын алған.
"Бұл факт бойынша полиция қызметкерлері қаланың 37 жастағы тұрғынын анықтады. Ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-1-бөлігі бойынша, яғни құқыққа қайшы контентті орналастырғаны және таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады полиция Zakon.kz тілшісіне.
Полиция сондай-ақ азаматпен профилактикалық әңгіме жүргізілгенін айтты. Оған мұндай құқық бұзушылықтарға жол берілмейтіні түсіндіріліп, Қазақстан заңнамасын қатаң сақтау қажеттігі ескертілген.
21 жастағы студент Нұрай Серікбай 2026 жылғы 11 қаңтарда танысы салған пышақ жарақаттарынан қайтыс болған. Күдікті қылмыс орнынан бой тасалап кеткен.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:28, 6 тамыз 2026
Олимпиада чемпионы Томаш Махач Almaty Open ATP 250 турниріне қатысады
-
19:22, 6 тамыз 2026
Шығыс Қазақстанда қатты дауылдан ондаған көлік бүлінді
-
19:17, 6 тамыз 2026
Мемлекеттік қызметші тұрғын үй кезегіне сот арқылы қайта тұрды
-
18:59, 6 тамыз 2026
Алматы полициясы Канье Уэсттің жанкүйерлерінt ескерту жасады
-
18:45, 6 тамыз 2026
ҚФФ Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкерінің есімін жарияламақ





