БҚО әкімі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы жұмыстар туралы есеп берді

17:33, 8 желтоқсан 2025

© Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

Өңір басшысы облыста су, кәріз және жылу жүйелері кезең-кезеңімен жаңартылып келе жатқанын атап өтті.

"2023 жылдан бері құны 550 млн теңгені құрайтын жобалар аясында Орал жерасты су көзінде 6 жаңа ұңғыма бұрғыланып, су өндіру көлемі тәулігіне 40 мың текше метрге дейін артты. Сондай-ақ, 2025 жылы жалпы құны 21,6 млрд теңгеге диаметрі 1000 мм су құбыры мен Орал жерасты су көздерін реконструкциялау жұмыстары басталды", – деді Нариман Төреғалиев.

Өңірде 2023 жылдан бері 10,5 млрд теңгеге 4 ірі нысан іске қосылды. Пайдалану мерзімі 60 жылдан асқан және бұған дейін реконструкция жүргізілмеген 4 ірі кәріздік сорғы станцияларының жаңғыртылуының нәтижесінде 320 мың тұрғын сенімді кәріз жүйесімен қамтылды.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Жыл соңына 2 кәріздік сорғы станцияларының реконструкциясы аяқталып, 90 мыңнан астам абонент тұрақты су бұру жүйесіне қосылады. Сонымен бірге, №5 жылу магистралі толықтай 3,2 км жаңғыртылып, 60 мың тұрғынның тұрақты жылумен қамтылуына мүмкіндік жасалды.Бұдан бөлек, ағымдағы жылы №2 жылу магистралі жаңғыртылып, жаңа 2 қазандық іске қосылды.

Сонымен қатар, Орал қаласының жылу электр орталығында градирня толық ауыстырылып, экологиялық тұрғыдан тиімді шешім қабылданды: Жайық өзенінен алынатын техникалық су көлемі жылына 4 млн текше метрге үнемделді.

Электрмен жабдықтау саласында да оң өзгерістер бар. Соңғы үш жылда жалпы құны 13 млрд теңгені құрайтын 12 жоба жүзеге асырылып, оның ішінде 40-50 жылдан астам уақыт пайдаланылып келген 6 мың шақырымға жуық электр желілері жаңартылды.

Сондай-ақ екі жаңа қосалқы станция мен екі өндірістік-жөндеу базасы салынды. Бұл шаралар электрмен жабдықтау сапасын арттырып, желілердің тозу деңгейін 82%-дан 75,4%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

1960 жылы іске қосылған, соңғы 10 жыл уақыт бойы тоқтап тұрған №1 турбоагрегат жаңартылып, нәтижесінде станцияның қуаты 12,5 МВт-қа артып, 58 МВт-қа жетті.

Сонымен қатар, қаланың электр энергиясын тұрақты қамтамасыз ету мақсатында HITACHI турбинасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, нәтижесінде турбинаның қуаттылығы 28 МВт-қа артатын болады.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

2023 жылдан бастап тұрғын үй құрылысына 44 млрд теңге бөлініп, 319 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни 3698 пәтер халық игілігіне берілді.


"2023 жылдан бастап тұрғын үй құрылысына 44 млрд теңге бөлініп, 319 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни 3698 пәтер халық игілігіне берілді. Биыл 19,2 млрд теңгеге 7 көпқабатты үй мен ауылдық жерлерде тағы 14 тұрғын үй, барлығы 1292 пәтер салынуда. Әлеуметтік осал топтағы кезекте тұрғандар азаматтарға жыл соңына дейін 579 пәтер сатып алынады. Жалпы, 2023-2025 жылдарда облыс бойынша 5431 отбасы тұрғын үймен қамтылды. Соның ішінде 1 733 пәтер ауылдық елді мекендерде пайдалануға берілді", - деді БҚО әкімі Нариман Төреғалиев.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!