БҚО-да тұрғындарды 200 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды
© Сурет: polisia.kz
Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері тұрғындарды 200 миллион теңгеге алдаған алаяқты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығының бірнеше тұрғынын алдап, олардан 200 миллион теңгеден астам қаражат иемденген ер адамды ұстады. Күдікті азаматтарға жоқ бизнеске ақша салуды ұсынып, олардың сеніміне кірген.
Ұсталған алаяқ – Түркістан облысының 32 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол әлеуметтік желі арқылы бір әйелмен танысып, өзін iPhone смартфондарын көтерме бағамен көршілес елдерге қайта сататын кәсіпкер ретінде таныстырған. Сенімге кірген алаяқ жәбірленушіге осы бизнестің тиімді екенін айтып, оған ақша салуды ұсынған. Әйел оған екі пәтерін сатып, түскен қаражат пен жеке жинақтарын берген. Нәтижесінде оның шығыны 77 миллион теңгеден асқан.
Сонымен қатар алаяқтың құрбаны болған әйелдің туыстары мен таныстары да оның "тиімді" инвестиция ұсынысына сеніп, қаражаттарын берген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты алты эпизод бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Жалпы шығын көлемі 200 миллион теңгеге жуық. Тергеу барысында күдікті ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағаны және букмекерлік кеңселерде ұттырып жібергені анықталды.
Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:39, 8 сәуір 2025
Алматыда сот шешімі бойынша екі қабатты таунхаус бұзылады
-
15:27, 8 сәуір 2025
Жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталды: не істеу керек, қайда бару керек
-
15:16, 8 сәуір 2025
Астанада Диснейленд салынбайтын болды
-
15:04, 8 сәуір 2025
Алматыда үй жануарларын тегін зарарсыздандыру және піштіру бағдарламасы басталды
-
14:53, 8 сәуір 2025
Алматы әкімі «Медеу» мен Орталық стадионды қайта жаңғырту жұмыстары қашан басталатынын айтты
Танымал жаңалықтар
-
17:53, 7 сәуір 2025
-
21:00, 7 сәуір 2025
-
20:58, 7 сәуір 2025
-
20:42, 7 сәуір 2025
-
22:52, 7 сәуір 2025
-
22:14, 7 сәуір 2025
-
18:22, 7 сәуір 2025
-
18:50, 7 сәуір 2025
-
16:52, 7 сәуір 2025
-
18:10, 7 сәуір 2025
-
18:38, 7 сәуір 2025
-
17:42, 7 сәуір 2025
-
17:00, 7 сәуір 2025
-
17:24, 7 сәуір 2025
-
16:15, 7 сәуір 2025