Қазақстанға қанша медицина маманы қажет

15:01, 13 қазан 2026
MKZ: 1572071

© Фото: Zakon.kz

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 1 қазандағы бұйрығымен денсаулық сақтау саласындағы кадрларға қажеттілікті және медициналық мамандықтар бойынша оқуға қабылдау көлемін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, Қазақстанда мына мамандықтар бойынша кадрларға қажеттілік бар:

  • Барлық деңгейдегі ұйымдар үшін акушерлік және гинекология (ересектер, балалар) – 1834 маман;
  • Амбулаториялық-емханалық ұйымдар мен ауылдық елді мекендерде орналасқан ұйымдар үшін акушерлік және гинекология – 801 маман;
  • Амбулаториялық-емханалық ұйымдар мен ауылдық елді мекендерде орналасқан ұйымдар үшін жалпы дәрігерлік практика – 642 маман;
  • Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар) – 1043 маман;
  • Жалпы хирургия – 941 маман;
  • Офтальмология (ересектер, балалар) – 861 маман;
  • Неврология (ересектер, балалар) – 731 маман;
  • Травматология-ортопедия (ересектер, балалар) – 573 маман;
  • Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар) – 408 маман;
  • Кардиология (ересектер, балалар) – 485 маман;
  • Онкология (ересектер) – 432 маман;
  • Неонатология – 353 маман;
  • Оториноларингология (ересектер, балалар) – 351 маман;
  • Психиатрия (ересектер, балалар) – 301 маман;
  • Эндокринология (ересектер, балалар) – 276 маман;
  • Урология және андрология (ересектер, балалар) – 215 маман және басқа да мамандықтар.

Мамандықтардың толық тізбесін сілтеме арқылы көруге болады.

Сондай-ақ құжатта 2026–2027 оқу жылына мамандар даярлау үшін оқуға қабылдау көлемі белгіленген. Ол мына білім беру деңгейлерін қамтиды:

  • жоғары медициналық білім;
  • интернатурадағы жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім;
  • резидентурадағы жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім;
  • магистратурадағы жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім;
  • докторантурадағы жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім.

Бұйрық 23 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі кадрлық ресурстарды есепке алу қағидаларын бекіткені туралы жазған едік.

Сондай-ақ Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы кадрларға қажеттілікті айқындау қағидалары қабылданғанын хабарлаған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!