БҚО-да полиция қызметкеріне тіл тигізген ер адам жазаланды

21:34, 28 қазан 2021

© Сурет: Polisia.kz

БҚО-да полиция қызметкеріне тіл тигізген ер адам жазаланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҚО Шыңғырлау аудандық сотының үкімімен қылмыс жасағаны үшін сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы, "Билік өкілін қорлау" бойынша 80 сағатқа қоғамдық жұмыстарға жегу жазасы тағайындалды.

Қоғамдық жұмыстар – қоғамнан оқшаулауды көздемейтін жаза. Қазіргі уақытта сотталған азамат - А. Шыңғырлау ауылындағы аумақты тазалаумен айналысуда, - деді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Өңірде бір жыл ішінде мемлекеттік қызметкерлерді қорлағаны үшін қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза осымен екінші рет қолданылып тұр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!