БҚО-да алаяқтықтың 10 эпизодына қатысы бар күдікті ұсталды
© Сурет: Zakon.kz
БҚО-да полиция қызметкерлері керме төбе орнату қызметін ұсыну арқылы бірнеше азаматты алдаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алаяқ алдын ала төлем алып, міндеттемелерін орындамаған. Алдын ала төлемдердің сомасы 15 мыңнан басталып 118 мың теңгеге дейін болған.
Қазіргі уақытта алаяқтық фактілері бойынша 10 эпизодқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алданғандар - Теректі, Бөрлі аудандарының және Орал қаласының тұрғындары.
Жалпы келтірілген шығын сомасы - шамамен 500 мың теңге.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:31, 16 қаңтар 2025
Таразда базардағы дүңгіршектің бірінен ұрлық жасаған күдікті қолға түсті
-
22:14, 16 қаңтар 2025
Ақтөбеде кепілге алынып, кейін кісі қолынан қаза тапқан ерлі-зайыпты зейнеткер жер қойнына тапсырылды
-
21:43, 16 қаңтар 2025
Тамшылатып суару және ұңғымаларды бұрғылау: Жамбыл облысында ірі өндіріс ошағы іске қосылды
-
21:18, 16 қаңтар 2025
Бұрқасын, көктайғақ: Астанада және 14 облыста дауылды ескерту жарияланды
-
20:49, 16 қаңтар 2025
Алматыда интернет-алаяқтық дерегі азайды