Алматыда Ермек Серкебаевтың ескерткіші ашылды
© Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
2025 жылдың 16 қаңтарында Алматы қаласында көрнекті опера әншісі, актер, педагог Ермек Серкебаевқа арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ашылу салтанатына Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, әншінің ағасы Мұрат Серкебаев пен ұлы Байғали Серкебаев, сондай-ақ шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ескерткіш Абылай хан даңғылының бойында, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі ғимаратының алдында орнатылған.
Министр Аида Балаева ескерткіштің ашылуы елінің ұлы перзентіне деген құрметі екенін атап өтіп, Ермек Серкебаевтың бай рухани мұрасы ұлт жадында мәңгі сақталатынына сенім білдірді.
"Ермек Серкебаев – сирек кездесетін талант иесі, кәсіби шеберлігі жоғары музыкант. Ол миллиондаған өнерсүйер көрерменнің шынайы махаббатына бөленді. Бүгінгі қазақ операсын Ермек Серкебаевсыз елестету қиын. Оның ғибратты ғұмыры – мәдениетіміздің тарихындағы тұтас бір тарау. Көпшілік білмеуі мүмкін, бірақ ол қоғамдық-саяси өмірде де белсенділік танытып, Тәуелсіздігіміздің қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосты. Сонымен қатар, Ермек Бекмұхамедұлы дарынды музыканттар әулетінің негізін қалады. Балалары мен немерелері оның ісін лайықты жалғастырып, қазақ өнерін әлемнің әр түкпірінде дәріптеуде", – деді Мәдениет және ақпарат министрі.
Ведомство басшысы Ермек Серкебаевтың бейнесін қоладан сомдаған мүсіншілер – Айдос Бүркітбаевқа, Тимур Ермұхаметовке, Ақылбек Орманбековке және Қуаныш Асылбайға ерекше алғыс білдірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:41, 16 қаңтар 2025
Депутат Қонаев қаласын дамытуға қаражат сұрады
-
15:32, 16 қаңтар 2025
Жүргізуші куәлігінен айырылған шетелдік Алматыда такси қызметімен айналысқан
-
15:19, 16 қаңтар 2025
Сот бөтелкелесін өлтіріп, артынша денесін жағып жіберген айыпталушыларға қатысты үкім шығарды
-
15:07, 16 қаңтар 2025
Олжас Бектенов қолжетімді баспана мәселесі бойынша кеңес өткізді
-
14:56, 16 қаңтар 2025
Қазақстан азаматы Apple компаниясының басшылық лауазымына тағайындалды