Қызылорда облысында мемлекет мүддесіне қатысты заңсыз қабылданған сот актілерінің күші жойылды
© Фото: pexels
Қызылорда облысының прокуратурасы Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бюджет қаражатын пайдалану заңдылығын тексерді.
Нәтижесімен агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұлттық жобасын іске асыруға бөлінген субсидияларды негізсіз беру, атап айтқанда шаруашылықтар тарапынан субсидия алу кезінде шынайы емес мәліметтер ұсыну фактілері анықталды.
Аталған заң бұзушылықтар сот талқылауы кезінде өз дәлелін тапқанымен, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты шаруашылықтардан негізсіз алынған субсидия сомасын кері қайтармай, заң талаптарына қайшы сот шешімдерін қабылдаған.
Осы ретте прокурорлық наразылықтан кейін, апелляциялық саты сотымен бірінші саты сотының шешіміне өзгеріс енгізіліп, мемлекет пайдасына 30 млн теңге өндірілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:40, 16 қаңтар 2025
Абай облысы полиция департаментінде кадрлық өзгерістер орын алды
-
14:29, 16 қаңтар 2025
Республикалық автожолдың тағы бір учаскесі ақылы болмақ
-
14:15, 16 қаңтар 2025
Денсаулық сақтау министрлігі ауруханалар мен мектептердегі тамақтану стандарттарын қайта қарайды
-
14:04, 16 қаңтар 2025
Ақмола облысында туристік агенттік 40-қа жуық азаматты алдап соқты
-
13:58, 16 қаңтар 2025
Түркістан облысында көлігінің нөмірін жасырған жүргізушілер жазаланды