Қазақстанның бес облысында заңсыз көші-қон арналарының жолы кесілді
© Фото: Zakon.kz
Елімізге түрлі қылмыстық құрылымдар мен лаңкестік ұяшықтардың енуіне жол бермеу мақсатында Ішкі істер министрлігі заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерімен осындай бірнеше қылмыстық топ ұсталды.
Түркістан және Жамбыл облыстарында қолдан жалған құжаттар жасау және оларды бұрмалау арқылы шетелдік азаматтардың заңсыз көші-қонын ұйымдастыруға қатысы бар үш қылмыстық топтың жолы кесілді.
Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында шетелдіктерді іргелес мемлекеттің аумағына шекараның қиылысқан жерлері арқылы заңсыз тасымалдауға ниет білдірген қазақстандықтарға қатысты қылмыстық істер тергелуде.
Қызылордада ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп, шетелдіктердің Қазақстан аумағында заңсыз болуы үшін жалған анықтамалар дайындау бойынша "делдалдық" қызметтер көрсетумен айналысқан адамдар тобы ұсталды.
"Барлық көрсетілген фактілер бойынша 20-дан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Олардың мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылуы мүмкін. Заңсыз көші-қон арналарын жою жұмыстары жалғасуда", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:36, 16 қаңтар 2025
Халықаралық төлем стандартына көшу: Ұлттық Банк жаңа мәлімдеме жасады
-
11:15, 16 қаңтар 2025
Алматы және Астана айырбастау пункттеріндегі 16 қаңтардағы валюта бағамы
-
11:11, 16 қаңтар 2025
Сырдария өзеніндегі дамбалар нығайтылды
-
10:59, 16 қаңтар 2025
Қызылорда облысында мемлекет мүддесіне қатысты заңсыз қабылданған сот актілерінің күші жойылды
-
10:44, 16 қаңтар 2025
Мектептегі әлімжеттік: сот үкіміне марқұмның анасы наразы