Біздің ақындар бірде көл, бірде нөл – Жүрсін Ерман
© Сурет: видеодан кадр
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, айтыс өнерінің ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман "Еуразия" бірінші арнасына берген сұхбатында айтыс ұйымдастырудың қиындығы мен қызықтары туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Көбіне көрермен сахнадағы ақындардың жеңістер мен жеңілістерін ғана көреді. Әсілінде оны ұйымдастырып, көрерменнің алдына шыққанға дейінгі кезең ең ауыр жұмыс. Демеушілер мен жүлделер мәселесі, айтыстың көгілдір экранға шығуы, ақындардың жол шығыны деген сияқты қаражатқа келіп тірелетін шаруаның барлығы да осы Жүрсін Ерманның жеке мәселесі болып келген.
1984 жылы айтыс "Бәйге" деп аталатын. Мен оны "Айтыс" деп өзгерттім. Наурыз айында өткен ол айтысты менің ұстазым Сұлтан Оразалин жүргізді. Теледидардағы республикалық айтыс алғаш рет осылай басталған болатын. Арасында ұзақ жылдарға үзіліп қалып жатты. 1997 жылы сол кездегі "Хабар" арнасының директоры Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваға бардым. Айтыс үзіліп қалды, қайта бастауға көмек беріңіз дедім. Ол кісі бірден қолдап, эфир мәселесін шешіп берді. Сол жылдың қазан айында айтысқа демеуші іздеуге кірістім. Алматы қаласының байлары тіркелген бір кітапша қолыма түсіп, көрінген байдың есігін қағып, аралауға тура келді. Ешкім ештеңе бермеді. Байлардан түңіліп қайттық. Осындай қиын замандар өтті, деді Жүрсін Ерман.
Төл өнеріміздің тоқтап қалмай дамуын, теледидардан үзілмей көрсетілуінің қамын кешіп жүрген ақынның айтыскерлерге деген қамқорлығын да "Жүрсіннің жүйріктері" ұмытпайды.
Жүрсін ағаның алдында біз, ақындар, қарыздармыз. Ақындардың мүмкіндігі болып жатса, ағамыздың көзі тірісінде бәріміз жабылып бір темір тұлпарды Жүрсін ағаның астына мінгізетін де уақытымыз келген сияқты. Әрбір ақынның жағдайын жасап отырған ағаға айтыскер ақынның бәрі де біртүрлі қарыз секілді көрінеді маған, деді айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабеков.
Айтыс тарихында ақындарға осыған дейін 300-ден аса көлік таратылған екен. Демеушілер табылмай, жүлдеге тігер түк болмаған күндері Жүрсін ағамыздың өз көлігін еш ойланбастан айтыскерлерге табыстап жібергеніне де куә болғанбыз.
Ақындар маған осы күнге дейін бір темір тұлпар мінгізбегенімен, жанашыр достарымның арқасында ешқашан көліктен таршылық көрмедім. Ақындарды дұрыс түсініңіздер олар өздері "биттерін сығып, қанын жалап жүрген" кедей халық, деп ақын ағынан ақтарылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:47, 21 желтоқсан 2024
«Боран соғып, қар бұрқасындатады». 22 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде циклон жүреді
-
17:32, 21 желтоқсан 2024
Бағаны тұрақтандыру: Павлодар билігі тауар өндірушілермен келісімге отырды
-
16:30, 21 желтоқсан 2024
Тоқаев Германия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
-
16:25, 21 желтоқсан 2024
Астанада «несие алып бергіш» әйел құрықталды
-
15:48, 21 желтоқсан 2024
Жетісу облысында кезекті есірткі зертханасының көзі жойылып, шетелдік азаматтар ұсталды