Биыл Алматыда автотұрақ ережелерін бұзудың 15 мыңнан астам дерегі анықталды
© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Жол-көлік жағдайын тұрақтандыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында полиция қызметкерлері кешенді профилактикалық шаралар жүргізіп жатыр.
Әсіресе көлік құралдарын тоқтату және тұраққа қою қағидаларын сақтау мәселесіне, оның ішінде тұрғын үй аулаларында тәртіптің сақталуына ерекше назар аударылуда. Жыл басынан бері автотұрақ ережелерін бұзудың 15 мыңнан астам дерегі тіркеліп, жолы кесілді.
Полиция қызметкерлері аулалардағы ретсіз автотұрақтың жиі кездесетінін атап өтті. Көліктердің көгалдарға, жаяу жүргіншілер жолына, бордюрларға қойылуы, сондай-ақ абаттандыру талаптарының сақталмауы жиі тіркелуде.
Сонымен қатар төтенше қызметтердің көліктері үшін жолдардың жабылып қалуы ерекше алаңдаушылық тудырады. Мұндай жағдайлар төтенше сәттерде ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Анықталған барлық құқық бұзушылық бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданып жатыр.
" Жыл басынан бері автотұрақ қағидаларын бұзудың 15 мыңнан астам дерегі анықталды. Бұл мәселенің өзектілігін көрсетеді. Автотұрақ ережелерін сақтау – тек тәртіп мәселесі емес, бұл ең алдымен қауіпсіздік мәселесі. Көлік құралдары тротуарларға, көгалдарға қойылып немесе өту жолдарын жауып тастағанда, төтенше қызметтердің жұмысына нақты кедергілер туындайды. Ал шұғыл жағдайда әрбір минут маңызды. Осыған байланысты жүргізушілерді жауапкершілік танытып, айналасындағыларға құрметпен қарауға шақырамыз. Аула – ортақ кеңістік, ондағы тәртіп әрқайсымызға байланысты, – деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Абдинұр Тасыбаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:04, 21 сәуір 2026
Еңбек министрлігі зейнетақы жинағын алу шегін жақын арада көтеруді жоспарлап отыр
-
14:50, 21 сәуір 2026
Министр ерекше білімді қажет ететін балалар туралы мәлімет берді
-
14:33, 21 сәуір 2026
Қазақстан мен Моңғолия арасында жаңа автожол салу жоспарлануда
-
14:27, 21 сәуір 2026
Моңғолия президенті Қазақстанмен серіктестікті кеңейтуге басымдық берілетінін айтты
-
14:19, 21 сәуір 2026
Қазақстан-Моңғолия байланысы: жаңа жобалар іске қосылады





