Қазақстан-Моңғолия байланысы: жаңа жобалар іске қосылады
© Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ухнаагийн Хүрэлсүх арасындағы келіссөздер ресми делегациялар мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Моңғолия арасындағы көпқырлы ынтымақтастықтың достық пен өзара қолдау рухында дамып келе жатқанын атап өтті.
Мемлекет басшысы Моңғолия Президентіне Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгені және Аймақтық экологиялық саммитке қатысуға ниет білдіргені үшін алғыс айтты.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың қазан айында Моңғолияға жасаған мемлекеттік сапарын еске алып, оның нәтижесінде маңызды келісімдерге қол жеткізілгенін жеткізді. Президенттің айтуынша, бүгінде екі ел арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілген.
"Сауда-экономикалық ынтымақтастығымыз нығая түсуде. Тауар айналымы жыл сайын артып келеді. Өнеркәсіп саласында нақты жобаларды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бүгін Астанада Қазақ-моңғол бизнес-форумы өтеді. Оған Моңғолиядан көптеген компаниялар қатысады. Біз бұл бастаманы толық қолдаймыз және сіздің тарапыңыздан көрсетілген қолдау үшін ризашылығымды білдіремін", – деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Моңғолия арасындағы тауар айналымы 7,7 пайызға өсіп, 130 миллион доллардан асты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:41, 21 сәуір 2026
Еңбек министрлігі зейнетақы жинағы бойынша кеңес берді
-
15:18, 21 сәуір 2026
Атом, мұнай, қаржы: Қазақстан мен Моңғолияның жаңа келісімдері
-
15:04, 21 сәуір 2026
Еңбек министрлігі зейнетақы жинағын алу шегін жақын арада көтеруді жоспарлап отыр
-
14:50, 21 сәуір 2026
Министр ерекше білімді қажет ететін балалар туралы мәлімет берді
-
14:33, 21 сәуір 2026
Қазақстан мен Моңғолия арасында жаңа автожол салу жоспарлануда





