Министр ерекше білімді қажет ететін балалар туралы мәлімет берді

14:50, 21 сәуір 2026

© Фото: pexels

Қазақстанда ерекше білім беруді қажет ететін 237 мыңнан астам бала тіркелген. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында мәлімдеді.

Министрдің дерегінше, қазіргі уақытта елде 0-ден 18 жасқа дейінгі 6,9 млн бала тұрады. Бұл – жалпы халықтың 34%-ы. Соңғы он жылда балалар саны 1,5 млн-ға артқан.

2025–2026 оқу жылының басында ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны 237 мыңнан асқан. Оның ішінде 70 мыңы – мектепке дейінгі жаста, ал 165 мыңы – мектеп жасындағы балалар.

Сондай-ақ 213,7 мың бала, яғни жалпы санының 90%-ы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған. Ал 96 мыңнан астамы жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті форматта білім алуда.

Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов елімізде барлық ерекше балалардың біліммен және инклюзивті жағдаймен толық қамтылмағанын атап өткен болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!