Бішкектегі Ұлттық кардиология орталығы қызыл жалынға оранды: науқастар көз жұмды

© Сурет: Қырғызстан ТЖМ
11 ақпанда Бішкектегі (Қырғызстан) Ұлттық кардиохирургия және ағзаларды трансплантациялау ғылыми-зерттеу институтында өрт шығып, екі науқас қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қырғызстан Sputnik дерегінше, медициналық қызметкерлер мен науқастарды қосқанда 260 адам эвакуацияланды.
Денсаулық сақтау министрі Эркин Чечейбаев пациенттердің бір бөлігі операциядан кейін реанимацияда болғанын айтты. Өрттен кейін олар шұғыл түрде басқа медициналық мекемелерге ауыстырылды. Тоғыз адам, оның ішінде жеті бала реанимация бөлімшелеріне жеткізілді, олардың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, жертөледегі өрттен шыққан түтін желдету жүйесі арқылы таралып, эвакуацияны қиындатқан.
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша өрттің себептерін анықтау үшін ведомствоаралық топ құрылды. Сонымен қатар, Үкімет медициналық мекеменің жұмысын жедел қалпына келтіруге нұсқау берді. Оқиғаның мән-жайлары зерттелуде.
Бұған дейін елордада жеделсаты ішінде шабуылға ұшыраған бес жасар балаға ота жасалғандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:30, 21 маусым 2025
Алматыда таулы аймақтағы көшкін, сел және тасқын жағдайына бақылау күшейтілді
-
18:30, 21 маусым 2025
Қазақстан құрамасы спорттық гимнастикадан Ташкенттегі Challenge Cup кезеңінде үш жүлде жеңіп алды
-
17:58, 21 маусым 2025
Анна Данилина теннистен Ұлыбританиядағы турнирдің финалына шықты
-
17:24, 21 маусым 2025
Сирияда Башар Асадтың немере ағасы ұсталды
-
16:41, 21 маусым 2025
Астана тұрғындарына екі көшедегі жөндеу жұмыстарына байланысты маңызды ескерту жасалды