Бишімбаевтың сотында журналист алқабилерді фото-видеоға түсірмек болған ба? Жоғарғы сот өкілі жауап берді
© Сурет: facebook.com/Перизат Сәдуақас
Жоғарғы соттың коммуникация бөлімінің жетекшісі Перизат Сәдуақас азаматтық некедегі әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында алқабилерді фотоға түсіруге әрекет жасаған журналистке қатысты ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайлы Zakon.kz.
Перизат Сәдуақастың сөзінше, сот отырысына қатысу үшін 80-нен астам БАҚ өкілдері келді. Журналистерге арнап 50 және 30 орындығы бар екі зал дайындалған.
"БАҚ өкілдерінің ыңғайлы жұмыс істеуі үшін бұл залдар сот залынан отырыстың онлайн трансляциясымен және қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз етілді. Сонымен қоса, процеске қатысушыларды фото-видеожазбаға түсіру мүмкіндігі беріліп, алқабилер құрамын түсіруге тыйым салуды сақтау тәртібімен сот отырысы залына журналистер мен операторлар тікелей қатысты. Сот залында Жоғарғы соттың коммуникация және ішкі қауіпсіздік бөлімдерінің қызметкерлері алқабилерді түсіруге тыйым салу талаптарының сақталуын қадағалады". Перизат Сәдуақас
Отырыс барысында бір басылым журналисінің алқабилерді фото-видеоға түсіру әрекет жасағаны туралы ақпарат түскен. Алайда соттың ішкі қауіпсіздік өкілі журналистің құрылғысын тексеру кезінде бұл факт расталмаған.
"Жоғарғы соттың коммуникациялар бөлімі тарапынан ақпарат кеңістігінде жоғарыда аталған тыйым салынған медиа материалдарға тұрақты түрде мониторинг жүргізілетінін атап өткім келеді. Естеріңізге сала кетейік, бұл тыйымды бұзғандар залдан шығарылып, қолданыстағы заңға сәйкес жазаланады. Өз кезегінде, БАҚ өкілдеріне осы сот процесін жариялап-көрсету бойынша талаптарды сақтап, нұсқауларды орындағандары үшін алғыс айтамыз!" Перизат Сәдуақас
Жоғарғы соттың өкілі келесі отырыстар да тікелей эфирде өтетінін айтты.
"Аталған сот процесінің барысы туралы барлық ақпарат Жоғарғы соттың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жедел жарияланады. Қуандық Бишімбаевқа қатысты БАҚ-тың қатысуымен ашық режимдегі келесі сот отырысы 29 наурыз сағат 10:00-ге белгіленді", - делінген хабарламада.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:43, 27 сәуір 2024
Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 915 шақырымда жер сілкінісі тіркелді
-
12:18, 27 сәуір 2024
Президентке Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық барысы баяндалды
-
12:13, 27 сәуір 2024
Тоқаев жастар алдында маңызды мәлімдеме жасады
-
12:03, 27 сәуір 2024
Мемлекет басшысы қалалық сенбілікке қатысты
-
11:50, 27 сәуір 2024
Қазақстанның үздік шахматшысы қуанышты жаңалығымен бөлісті